Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ магистранттары өндірістік тәжірибеден өтті

🎓 Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ бірнеше ЖОО-мен меморандум аясында бірлесе жұмыс жүргізіп, болашақ мамандарды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Сол бағыттардың бірі – магистранттар мен докторанттардың өндірістік тәжірибеден өтуіне жағдай жасау.

📖 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистранттары өндірістік тәжірибеден өтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болады. Институтың аға оқытушылары бітіруші түлектерге жетекшілік етіп, зерттеу жұмыстары бойынша кеңес берді.

📝 Тәжірибе жетекшісі Иманбай Венера Оралқызы түлектердің магистрлік диссертация мен зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми мақала жазу үшін қажетті ақпараттарды жинақтауға қолдау көрсетті. Магистранттар кітапханамен жұмыс істеп, зерттеу жүргізу әдістерін жетілдіріп, ғылыми мақалалармен жұмыс істеу тәжірибесін жетілдірді.

🔎 Осындай тәжірибелік жұмыстар болашақ мамандардың ғылыми әлеуетін арттырып, кәсіби біліктіліктерін шыңдауға көмектеседі. 📖✨

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар