Ілгерінді деңгей курстарын ұйымдастырып, өткізуге арналған оқыту семинарлары басталды

«Өрлеу» филиалдарында мақсатты мектеп педагогтері үшін ілгерінді деңгей бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастырып, өткізуге бағытталған курс жетекшілерінің оқыту семинарлары жалғасуда.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Тарих сабағы: позитивті эмоционалды өзара әрекеттесуді құру тәжірибелері» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасының негізгі ережелері» тақырыбында курс жетекшілерінің 1-оқыту семинары ұйымдастырылды.

Оқытушыларды білім беру бағдарламасы, оның мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелерімен, білім беру бағдарламасы мен ОӘК құрылымымен, мазмұнымен таныстыру мақсатындағы оқыту семинарына республика көлемінде осы тақырыпта әзірленген білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын оқытушылар және шақырылған тренерлер қамтылды.

Оқыту семинарының модераторы, ілгерінді деңгей бағдарламасын әзірлеуші авторлық топтың жетекшісі, аға оқытушы Раушан Мәрсәлі семинар қатысушыларын білім беру бағдарламасының мақсат-міндеттерімен, күтілетін нәтижелерімен таныстырып, негізгі ерекшеліктерін түсіндірді.

Семинар қатысушылары сессиялық залдарда білім беру бағдарламасымен, оқу-әдістемелік кешенімен топтық жұмыстар барысында танысып, өз ұсынымдарын бес тұжырыммен негіздеді. Кері байланыс, сұрақ-жауаптар арқылы семинар жұмысының сапасына баға берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар