«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті директордың орынбасары бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 месяца ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары заңгерлік білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілі, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі тиіс;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының азаматтық, кәсіпкерлік, коммерциялық, әкімшілік, еңбек, қаржы, салық және заңнаманың өзге де салаларын, төрелік, іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар, қаржылық, экономикалық және азаматтық істерді реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұйымның әкімшілік қызметі, құқықтық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және басқа да материалдар, азаматтық, қаржылық, әкімшілік құқық, салық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама, шаруашылық келісімдерді, ұжымдық шарттарды, салалық және өңірлік келісімдерді жасау және өңдеу тәртібі, жүйелеу тәртібі, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы есепке алу және жүргізу, құрылтайшылық және ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту тәртібі, компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияны, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.
- сенімхат бойынша Қоғам атынан талап арыздар жасауға, (талап арыздарға кері байланыс), апелляциялық немесе кассациялық шағымдар, соттарға қатысуға, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда Қоғамның мүдделерін білдіру;
- нормативтік құқықтық актілеріне, Қоғамның ішкі құжаттарына өзгерістер/толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар жобаларын дайындауды қамтамасыз ету;
- қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
- Қоғамның ішкі акттеріне құқықтық сараптама жүргізу (бұйрықтар жобасы, нұсқаулықтар, ережелер, стандарттар және басқа да құқықтық акттер);
- қоғам қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындауды қамтамасыз етуге міндетті;
- сенімхат бойынша Қоғам атынан соттарда істерді ресімдеуді, жүргізуді жүргізуге, оларды есепке алуды және сақтауды жүзеге асыру;
- наразылық және сот істерін қарау нәтижелерін талдауға және қорытындылау;
- азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
- Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
- Қоғам қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар етуді, сондай-ақ қызметкерлердің өз қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделеу жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуге;
- goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс жасай алу тәжірибесі
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
-дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 13 наурызды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 14 наурыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.