Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы – білім алушы субъект, ал субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттыруда. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру еліміздің білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі болып саналады.
Осыған орай, «Өрлеу» Қызылорда филиалында жыл басынан бері пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуда заманауи педагогикалық әдістемелерге негізделген, білім беру сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік шаралар өткізіліп келеді.
Бүгін мақсатты мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын қалыптастыруда деңгейлік тапсырмаларды құрастыру әдістемесі» тақырыбында онлайн вебинар өтті. Вебинар модераторы Гүлназ Таумаханова білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған оқыту тапсырмаларының ерекшеліктеріне тоқталды, деңгейлік тапсырма кұрастыру алгоритмімен бөлісті.
Вебинардың практикалық бөлімінде қатысушыларға функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған оқыту әдіс-тәсілдері мен деңгейлік тапсырмаларды құрастыру жолдары ұсынылды.
Мақсатты мектеп педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетуге, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған әдістемелік шаралар біліктілікті арттыру саласында әдістемелік кеңістік құруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

