Республикалық TED-семинар: тәжірибе алмасу алаңы

🔑 Семинардың мақсаты:
Курстан өткен педагогтерді курстан кейінгі қолдау шаралары аясында тәжірибе алмасу, жетістіктер мен қиындықтар, оларды еңсеру жолдарын талқылау.

🌐 Онлайн формат шараға 50-ден астам тыңдаушы қатысып, 23 педагог өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар келесі бағыттар бойынша өтті:

  • Менеджмент қырлары
  • Оқытудағы инновациялар
  • Тәрбие тағылымдары
  • Инклюзивті білім мен орта
  • Цифрлық кеңістік

💡 Педагогтер озық тәжірибелерін ұсынып, сындарлы кері байланыс алып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді кең көлемде талқылады. Семинар нәтижесінде педагогтердің тәжірибелері республикалық жинаққа енгізілді. Жинақ сілтемесі

👏 Барлық қатысушыларға белсенділігі мен кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар