2025 жылдың 18 наурызында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушылары Ляззат Адыбаева және Дариға Қартбаева ZOOM платформасында «Жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытуда тәжірибелік және эксперименттік әдістерді қолдану (8 сынып)» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Вебинарға Жамбыл, Қарасай, Іле, Кеген, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарынан 32 мұғалім қатысты.
Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаратылыстану (география, биология, химия, физика) пәндері мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетті:
✅ Дариға Қартбаева – биология пәнінде қолданылатын тәжірибелік және эксперименттік әдістер туралы,
✅ Ляззат Адыбаева – TIMSS халықаралық зерттеуі аясында жаратылыстану бағытындағы тапсырмалар ерекшеліктері туралы баяндады.
Еркін микрофон әдісі арқылы мұғалімдер көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, пайдалы пікір алмасты.



