2025 жылдың 18 наурызында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренері Гаухар Джарылғамысова білім беру ұйымдарының пән мұғалімдеріне арналған «Оқыту процесінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану» тақырыбында облыстық вебинар ұйымдастырды.
🎯 Вебинардың негізгі мақсаты:
✅ Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын оқыту үдерісіне енгізу;
✅ Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру;
✅ Мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету.
📌 Қарастырылған тақырыптар:
🔹 Білім беруде қолданылатын негізгі ЖИ технологиялары;
🔹 Оқыту процесінде ЖИ құралдарын пайдалану әдістері;
🔹 Тестілеу, бағалау және кері байланыс беру үдерістерін оңтайландыру;
🔹 ЖИ құралдарын тиімді енгізу жолдары.
Алматы мен Жетісу облыстарынан 144 мұғалім қатысып, тәжірибе алмасып, өзара пайдалы ақпараттармен бөлісті. Вебинар барысында үздік тәжірибесін көрсеткен информатика пәні мұғалімдері алғыс хаттармен марапатталды.


