«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған пән мұғалімдеріне арналған ілгерінді деңгей біліктілікті арттыру курсының соңғы күні өтуде. Бұл курс Қазақстанның 7 өңірінде, соның ішінде Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында басталған болатын.
Курс барысында 11 пән бойынша әзірленген бағдарламалар оқушыларға білім беру үшін ыңғайлы орта қалыптастыруға, бағалау жүйесін енгізуге, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануға бағытталды.
Бүгін педагогтер қорытынды тест тапсырып, қолдарына сертификат алады. Курс білім беру саласындағы инновациялық тәсілдерді енгізу және мұғалімдердің кәсіби дамуына үлес қосуды мақсат етті. Курста педагогтер өз білімдерін жетілдіріп, оқу процесінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік алды.




