Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 месяца ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: Сәйкес бағыт бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы. ақпараттық жүйелерді әзірлеумен байланысты салаларда немесе тестілеуші лауазымында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде екі жыл тікелей ақпараттық жүйені тестілеу бойынша тәжірибесі болуы қажет. Мемлекеттік және/немесе орыс тілін меңгеруі, ағылшын тілін білу – артықшылық. Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және оның өмірлік циклінің процестерін түсіну.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Педагогтың мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметті реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ еңбек заңнамасын білу қажет.

Тестілеу әдістемелері, түрлері мен деңгейлері, Функционалдық және функционалдық емес тестілеу, дерекқорлар негіздері және SQL білу, жүктемелік тестілеуді (load testing) түсіну.

Негізгі міндеттері:

  1. Техникалық құжаттаманы зерттеу, әзірлеу командасымен талқылауларға қатысу.
  2. Тест құжаттамасын әзірлеу – тест-кейстер, чек-парақтар (чек-листтер) құру, тест құжаттамасын жаңарту.
  3. Тестілеуді жүргізу – веб және мобильді қосымшалардыңқолмен тестілеуін орындау.
  4. Кросс-браузерлік және кросс-платформалық үйлесімділікті тексеру, дерекқорды тестілеу, логтарды тексеру.
  5. Қателерді (багтарды) іздеу және тіркеу.
  6. Түзетілген багтарды қайта тексеру, тестілеу фреймворктерімен жұмыс жасау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);

– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру  (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 6 сәуірді қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 10 сәуірҚазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job