Білім беру және ғылым саласындағы маңызды қадам!
“Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша КДИ мен EYUDER ұйымының Әзербайжан филиалы білім және ғылым бағытында серіктестік орнату туралы келісім жасасты.
Меморандум аясында:
✅ Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
✅ Халықаралық конференциялар, семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру;
✅ Озық оқыту әдістерімен тәжірибе алмасу;
✅ Академиялық мобильділік бағдарламаларын жүзеге асыру жоспарланған.
Бұл келісім екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарды нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады!


