«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы Әкімшілік-кадр жұмысы бөліміне персоналмен жұмыс жөніндегі бас мамаман
Архив, Архив
Жамбыл облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 1 месяц ago
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының персоналды басқару жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелік материалдарын, ұйымның құрылымы мен щтаттарын, оның бейінің, мамандануын және даму перспективаларын, кадрларға перспективалық және ағымдағы қажеттілікті айқындау тәртібін, кадрларды оқыту мен біліктілігін арттыру нысандары мен әдістерін; ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кәсіптер мен лауазымдарды іздеу технологиясын; еңбек шарттарын (келісімшарттарды) әзірлеу тәртібін, жеке мәліметтер қорынқұру әдістерін, тестілеуді, сұхбаттасуды өткізу әдістемелерін, кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымын талдау әдістерін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, кадрлық іс жүргізуді ұйымдастыру негіздерін, заманауи коммуникация және байланыс техикалық құралдарын, есептеу техникасын қолдана отырып ақпаратты өңдеу әдістерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
- Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш;
- Суреті бар түйіндеме егжей-тегжейлі және сенімді, атап айтқанда жұмыс (функционалдық тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысу, жетістіктері, тілдері білуі, қызығушылықтары (хоббилері) және т.б. туралы жеке деректор;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Құжаттарконкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қабылданады.
Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би даңғылы, 69А
Эл.почта: zhambylipk@orleu-edu.kz
Анықтама үшін: 8(7262)-54-70-00