Актуалды
Жамбыл облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 недели ago

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Тиісті мамандық (журналистика, қоғаммен байланыс) бойынша жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, немесе қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласындағы қосымша даярлық және жұмыс өтілі кемінде бір жыл.

    Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының заңдарын «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», қаулылар, бұйрықтар, өкімдер, қоғамдық қатыныстарды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты басқа да басқарушылық және нормативтік құжаттар; бұқаралық ақпараттық құралдар және жарнама туралы заңнама негіздері; қоғамдық қатынастар саласындағы кәсіби және этикалық принциптердің халықаралық және ұлттық кодекстері; ұйымның мамандануы, қызметінің ерекшеліктері және даму перспективалары; әлеуметтану, психология негіздері; сапалық және сандық социологиялық зерттеулер жүргізудің әдістерін; бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу әдістемесі; жарнамалық хабарламалардың, мақалалардың, үндеулердің, көпшілік алдында сөйлеудің композициясы мен стилінің заңдылықтары; статистикалық ақпаратты талдау әдістері; іс жүргізу негіздері; ұйымның жеке деректер базасын құру және пайдалану әдістері; заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды пайдалана отырып ақпаратты жинау және өңдеу әдістері; маркетинг негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы, қоғаммен байланыс саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді беру тәртібі, оны қорғау және пайдалану тәртібі, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Қабілетті болу керек: ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыру, оң имиджді қалыптастыру және қолдау, ақпарат саласын реттеу арқылы ұйымның іскерлік бедедінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
  • Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш;
  • Суреті бар түйіндеме егжей-тегжейлі және сенімді, атап айтқанда жұмыс (функционалдық тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысу, жетістіктері, тілдері білуі, қызығушылықтары (хоббилері) және т.б. туралы жеке деректор;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Құжаттарконкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қабылданады.

Мекен-жайы:  Тараз қ., Төле би даңғылы, 69А

Эл.почта: zhambylipk@orleu-edu.kz

Анықтама үшін:  8(7262)-54-70-00

Apply For This Job