«943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында жоғары деңгейлі курс басталды

Бүгін Қызылорда облысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен пән мұғалімдеріне арналған жоғары деңгейлі біліктілікті арттыру курстары басталды.

Бастауыш сынып, математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша ұйымдастырылған 37 курста Қызылорда облысының 866 педагогі біліктілігін арттыруда.

11 пән бойынша әзірленген бағдарламалар оқушыларға білім беру үшін ыңғайлы орта қалыптастыруға, бағалау жүйесін енгізуге, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған.

Жоғары деңгейлі курста педагогтеріміз өз пәндерін тиімді оқытуға және оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік ала отырып, заманауи білім беру тәсілдерін үйренеді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар