Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 1 месяц ago

Біліктілікке қойылатын талаптар:

-жоғары және/немесе тиісті салада жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функуионалдық бағыттарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша кемінде төрт жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және/немесе орыс тілін меңгеру.

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және білім беруді дамыту бағыттары мен пер перспективасын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды, компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық -коммуникациялық технологияны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу мәселесін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, менеджмент, маркетинг және экономика негіздерін, баға белгілеудің әдістерін, стратегиясы мен тактикасын, өңірлік экономикалық саясатты, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздік талаптары.

Негізгі міндеттері:

  1. Қоғамның мемлекеттік сатып алу жоспарын (бұдан әрі – МС жоспары) қалыптастыру;
  2. ОА мен Филиалдардың МС жоспарын бекіту жөнінде бұйрықтар жасау;
  3. ОА бекіткен МС жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) орналастыру;
  4. ОА мен Филиалдардың МС жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  5. ОА мен Филиалдардың МС жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтарды жасау;
  6. ОА МС жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды веб-порталда орналастыру;
  7. тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – ТЖҚ) бойынша техникалық ерекшеліктерді келісу;
  8. мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін бұйрықтар жобаларын дайындау;
  9. МС жоспарында айқындалған тәсілдермен ОА мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруға және өткізу;
  10. мемлекеттік сатып алу шарттарын орындау;
  11. мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша шарттар жасау;
  12. тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарттар жасау;
  13. тікелей жасау жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған шарттар бойынша есептерді қалыптастыруға және веб-порталда орналастыру;
  14. шарттардың орындалуын қамтамасыз етудің 3%, аванс мөлшерін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 26-бабына сәйкес сомалардың енгізілуін бақылау;
  15. мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қосымша келісімдер жасау;
  16. сатып алу бастамашыларының тиісті қызметтік жазбалары негізінде ОА ТЖҚ мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды бұзу туралы хабарламаны веб-портал арқылы жіберу;
  17. сатып алу бастамашыларының тиісті қызметтік жазбалары негізінде ОА ТЖҚ-ны мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды веб-портал арқылы бұзу;
  18. МС жоспарының, ОА және Филиалдар шарттарының орындалуына мониторинг жүргізу;
  19. конкурс, алдын ала конкурстық іріктеумен конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға конкурстық/аукциондық комиссиялардың құрамына қатысу.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 11.04. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 14 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job