«Өрлеу Шымкент» филиалында білім беру сапасын арттыру мақсатында мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары өз жұмысын бастады!
Институт директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы және оқу бөлімінің басшысы Керімбеков Мұхтар Әпенұлы тыңдаушылармен кездесіп, курс бағдарламасы мен мақсаттарын таныстырды.
Сонымен қатар, курс барысында пән мұғалімдері орта мектепте күрделі тақырыптарды оқытуға, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған оқу бағдарламаларын меңгереді.
Курстардың мазмұны мұғалімдердің жұмысын тиімді ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсетудің маңызы және оқу-тәрбие үдерісінің сапасын бағалау, дамыту бағдарламасын модельдеу, пәндік құзыреттіліктерді дамыту бағыты бойынша тәжірибелік жұмыстарды қамтиды.
Алдағы күндері біліктілікті арттыру курстары курстан кейінгі сүйемелдеуді іске асыру бойынша көшпелі тәжірибелік сабақ, шебер-сынып, ашық сабақ, бірлескен жұмыс түрлерімен жалғасатын болады.
Педагогтердің Өрлеу курстарына қатысып, кәсіби білім-біліктері мен дағдыларын шыңдауына тілектеспіз!

