Актуальный
“Өрлеу” по Костанайской области
Posted 2 недели ago

-бастауыш оқыту – 1 бос орын  

-тарих – 1 бос орын

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіби білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Білуі тиіс: 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және  біліктілікті арттыру жүйесінің, еңбек заңнамасының жұмыс істеуі мен даму мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін, қарым-қатынас жасау мәдениеті мен қызметтік әдепті, педагогикалық этика нормаларын, оқу жоспарлары әзірлеу тәртібін, оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелері, педагогика, психология, андрагогика, қаржылық сауаттылық негіздері; білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару принциптері; ғылыми-зерттеу қызметіне көзқарастар; педагогтердің өмір бойы оқыту және үздіксіз кәсіби даму тұжырымдамасы; өзекті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және білім беру платформалары; бағдарламаларды әзірлеу және білім беру бағдарламаларының, әдістемелік материалдардың тиімділігін бағалау әдістемесін; инновациялық білім беру, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиялары; оқыту және курстан кейінгі қызмет кезінде мұғалімдердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру нысандары, әдістері, құралдары мен ресурстары.

Кәсіби білім:

– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері;

– теориялық, қолданбалы, оның ішінде әдістемелік, пәндік саланың/қызметтің негіздері, заманауи педагогикалық технологиялар, ересектерді оқыту процесін бақылау және бағалау әдістері;

– пәндік педагогика негіздері; тыңдаушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және білім беру қағидаттары;

– білім беру бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері;

– оқу процесін ұйымдастыру қағидаттары, заңдылықтары, нысандары, әдістері мен тәсілдері бөлігінде жас психологиясының, педагогикасының, андрагогикасының негіздері;

– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздік негіздері, білім беру үдерісіндегі денсаулық сақтау ортасының компоненттері;

– білім беру процесін зерттеу тәсілдері, әдістері мен құралдары, оқытудың өзіндік тәжірибесін рефлексиялау әдістері;

– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормалары;

– тыңдаушыларды оқыту мен бағалауды қолдау үшін цифрлық білім беру платформаларының құралдарын пайдалану бөлігіндегі құзыреттілік.

Кәсіби дағдылар мен біліктер:

– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін сақтау және пайдалану;

– пәндік білімді қолданады және оны педагогикалық тиімді оқыту нысандарына айналдырады;

– заманауи педагогикалық технологияларды, белсенді әдістерді, оқыту нысандарын, ресурстары мен стратегияларын, ересектердің оқу процесін бақылау және бағалау әдістерін таңдайды және тиімді қолданады;

–   білім беру бағдарламасын жобалау дағдыларын меңгерген;

– инклюзивті орта құру және тыңдаушыларды тарту стратегияларын меңгеру, олардың жеке және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлау;

– жас психологиясының, педагогиканың, андрагогиканың негізгі қағидаттары мен заңдылықтарына сәйкес оқу процесін ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолданады;

– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті сақтайды, білім беру процесінде денсаулық сақтау ортасын қалыптастырады;

– оқыту үдерісін жетілдіру бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін зерттейді, рефлексиялау және өзіндік оқыту тәжірибесіне зерттеу жүргізу;

– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормаларын сақтау;

– тыңдаушыларды тарту, оларды бағалау және кері байланыс алу үшін оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланады.

Болғаны жөн:

– кәсіби конкурстар мен олимпиадаларға, педагогикалық шеберлік конкурстарына, республикалық және облыстық форумдарға, семинарларға/вебинарларға, конференцияларға, мастер-кластарға және т.б. қатысу туралы растайтын құжаттардың болуы;

– зерттеулер негізінде зерттеу жобаларына және бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

– авторлық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, өз пәні бойынша ОӘК әзірлеуі;

– кәсіби қауымдастықтар мен білім беру қоғамдастықтарында (оның ішінде желілік) оқыту жөніндегі іс-шараларға қатысуы.

Негізгі міндеттері:

  1. Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
  2. атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Кафедра меңгерушісінің (Өкілдік басшысының) тапсырмаларын орындау;
  3. міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  4. тыңдаушыларға мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес сабақ жүргізу, оқу процесінде тиімді оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
  5. оқу сабақ кестесін оқу-тақырыптық жоспарларға сәйкес дайындау;
  6. біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті оқу құжаттамасын дайындау және оқу ісі жөніндегі бөлімге (оқу ісі жөніндегі топқа) ұсыну;
  7. Кафедра тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру білім беру бағдарламалары модульдерінің мазмұнын, Кафедра ұйымдастыратын мәселелік курстардың, семинарлардың мазмұнын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  8. оқу сабақтарын жүргізуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге қатысу, Кафедраның жалпы әдістемелік тақырыбы шеңберінде ғылыми-әдістемелік жұмысты орындау;
  9. өңірдің білім беру мекемелерінің жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологиялары мен ұйымдық нысандарын құрастыру және іске асыру тәжірибесін зерделеу, қорытындылау және тарату;
  10. Кафедра қызметінің негізгі бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу;
  11. білім беру мекемелеріне ғылыми-әдістемелік консультациялық көмек көрсету, тірек, жобалау және тәжірибелік-эксперименттік алаңдардың қызметін сүйемелдеу;
  12. әртүрлі бағыттағы білім беру жобаларына, әдістемелік әзірлемелерге пікір жазу мен сараптамалық бағалау;
  13. Филиал (Өкілдік) жұмыскерлері үшін әдістемелік оқу өткізуге қатысу;
  14. Кафедра қызметінің негізгі бағыттары бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік мақалаларды, жинақтарды, оқу құралдарын басып шығаруға қатысу;
  15. білім беру саласындағы өңірлік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
  16. қолданыстағы және әзірленіп жатқан ғылыми-білім беру жобалары туралы ақпарат тарату, оларға өңірдің білім беру мекемелерінің қатысуына бастамашылық ету;
  17. Филиалдың білім беру серверіне арналған материалдарды дайындау және орналастыру;
  18. белгіленген мерзімде жеке жұмыс жоспарын дайындау және ұсыну;
  19. оқу жүктемесінің, әдістемелік және ғылыми жұмыстың орындалуын есепке алу, жартыжылдық және жылдық жеке жұмыс жоспарының орындалуы туралы есеп беру;
  20. өз біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жасау;
  21. тыңдаушылардың дербес деректерін тыңдаушылардың бірыңғай дерекқорына енгізу;
  22. іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
  23. Кафедраның басқа аға оқытушысы уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) оның міндеттерін орындау;
  24. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберіндегі мәселелер бойынша жобаларға, жұмыс топтарына, комитеттердің жұмысына, сапалы білім беру бағдарламалары (ББ) мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеуге, ББ сараптамасына, отырыстарға, кеңестерге, әдістемелік семинарларға қатысу

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға, хабарландыруда көрсетілген күннен кешіктірмей құжаттардың көшірмелерін жолдайды:

– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

– конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;

– дербес деректер, еңбек (функционалдық) тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тілдерді білуі, қызығушылықтары (хоббиі) және т. б. бөлігінде егжей-тегжейлі және дәйекті, фотосы бар өзекті түйіндеме;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент), қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қосымша оқудан өту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми еңбектер, әдістемелік жарияланымдар мен өнертабыстар (бар болса); еңбек кітапшасының немесе біліктілік конкурсының талаптары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі, біліктілік санаттарына қатысты қосымша ақпарат, қажет болған жағдайда – алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ:

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 23.04.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская  көшесі, 86  мекен-жайы бойынша қабылданады; анықтама үшін телефоны: 8(7142) 54-16-17, электрондық пошта: ipk_kostanay@mail.ru

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны: 2025 жылдың 24 сәуірі, Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская  көшесі, 86.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық көлемде ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job