🎓 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ және Akelius қорының қолдауымен ұйымдастырылған тренинг сәтті өтті!
📌 Бұл тренингте IT университетінің оқытушылары цифрлық технологияларды білім беру процесіне енгізудің заманауи тәсілдерімен таныстырды.
💡 Тренинг барысында қатысушылар:
• Akelius платформасымен жұмыс істеуді үйренді;
• Платформа материалдарын мұғалім мен оқушы арасындағы оқу процесіне тиімді енгізу жолдарын қарастырды;
• “Төңкерілген сынып” (flipped classroom) әдісін қайта зерделеп, станцияларды ротациялау тәсілін меңгерді;
• Цифрлық құралдардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін бағалады.
👩🏫 «Өрлеу» Алматы қаласы филиалының директоры Ержан Мелдебеков, аға оқытушылары Салтанат Арзымбетова мен Виктория Кайдакова тренингке белсенді қатысып, өз кәсіби деңгейілерін жаңа сатыға көтерді.
🌐 Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану – сапалы және нәтижелі оқытудың кепілі.



