Батыс Қазақстан облысында педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстары басталды

21 сәуір «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы базасында, Жәнібек, Ақжайық, Теректі аудандарында білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.  Біліктілікті арттыру курстарының мақсаты – педагогтердің пәндік, әдістемелік және цифрлық құзыреттіліктерін жетілдіру арқылы кәсіби даму деңгейін арттыру. Курс аясында тыңдаушылар оқу үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды енгізу, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру және оқушылардың білім сапасын бағалаудың тиімді тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік алады. Аталған курстар өңір ұстаздарының кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру сапасын арттыруға оң ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар