«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Ешимова Ұлтай Зікірқызы «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Ұлтай Зікірқызы – 50-ден астам ғылыми еңбек және мақалалардың, 6 авторлық куәліктің, 13 оқу-әдістемелік құралдың, «Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту. 10-11 сыныптың қиын тақырыптары», «Физика бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырудың заманауи білім беру технологиялары», «Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту» оқу бағдарламаларының авторы. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы грантының иегері.
Білім және ғылым саласының дамуына, педагогтердің біліктілігін арттыруға үлес қосқан ғалым-ұстаз, білікті тренер Ұлтай Зікірқызының ғылыми-әдістемелік жаңалықтары, ізденістері мен табыстарының арта беруіне тілектеспіз!

