Шебер-педагог – заманауи ағартушы эталоны

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев жуырда шебер-педагогтермен кездесу ұйымдастырып, жергілікті өңірлерге бірқатар тапсырма берді. Аталған тапсырма аясында республика бойынша шебер-педагогтердің білім берудегі басым бағыттарды іске асыруда қосар үлесі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО» Шымкент қаласы бойынша «Кәсіби даму институты» 2025 жылдың 21 сәуірінде «Жаңа стандартқа – жаңа қадам» тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырды.

Мақсаты – педагогтерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш және негізгі орта білім беру стандарттарының негізгі ережелерін жан-жақты түсіндіру, жаңа талаптардың мәнін ашу және оқу-тәрбие процесіндегі Біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтарын пән мазмұнына кіріктірудегі өзгерістер туралы толыққанды ақпарат беру.

Семинар барысында «Кәсіби даму институтының» директоры, ф.ғ.к., М.Медетбекова педагогтің кәсіби дамуындағы білім мазмұнын жаңартудың теориялық-әдіснамалық аспектілері мен заманауи тәсілдемелерге кеңінен тоқталды. Ол жаңа стандарттарды қолдану аясын нақтылап, бастауыш пен негізгі орта білім беру мазмұнына қойылатын талаптарды таныстырып, оқушының жеке басын қалыптастыруда базалық құндылықтардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Баяндамасында әрбір базалық құндылықтың білім алушының жеке, коммуникативтік, әлеуметтік-азаматтық, моральдық-этикалық, еңбекке бейімділік және танымдық-зерттеушілік құзыреттерін дамытудағы шешуші рөлін түсіндірді.

Сонымен қатар әр шебер-педагог білім саласының көшбасшысы, ағартушы-педагог ретінде үлгі болуы қажет екендігіне баса назар аударды. Алдағы уақытта өз мекемелеріндегі әріптестерімен тығыз қарым-қатынас жасап, эталон болуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар