2025 жылғы 17 сәуірде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша КДИ” филиалының директоры Мусабекова Г.А. және Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Ибраева А.Е. педагогикалық білім беру, педагогикалық зерттеулер және педагогтердің біліктілігін арттыру салаларындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» филиалы мен Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы арасындағы негізгі стратегиялық әріптестердің диалогтық қарым-қатынасын күшейтуге бағытталған. Құжат екі тараптың белсенді ынтымақтастыққа және сындарлы коммуникацияға бейілділігін білдіреді. Тараптар облыста бәсекеге қабілетті педагог кадрларды қалыптастыруда жүйелі педагогикалық өзара іс-қимылдың оң әсер беретініне сенімді.
Тараптар желілік өзара әрекеттестікті білім беру мазмұны мен басқару саласындағы инновациялық тұжырымдамаларды әзірлеуге, қолдануға және педагогтердің кәсіби қауымдастығына таратуға мүмкіндік беретін байланыстар жүйесі ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, жұмыс кездесуінде тараптар орта білім беру саласындағы трендтер мен мемлекеттік саясат жөнінде педагогтер арасында бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына ерекше назар аударды.