📘 Базалық курс аясында “Vector Foundation” қорының «Мектеп OnLine» жобасы ұсынған жетекші сарапшылардың авторлық материалдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқу басқару жүйесі (ЛМС) платформасына орналастырылды. Бұл бастама педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
📩 Аталған құнды материалдарды ұсынғаны үшін Өрлеу Басқарма Төрағасы Айдана Сенбекованың атынан мұғалімдерге арнайы алғыс хаттар дайындалып, «Өрлеу» Алматы филиалының директоры Ержан Мелдебеков тарапынан салтанатты түрде табысталды.
🎓 Ұстаздарымыздың білім беру ісіне сіңіріп отырған еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз!






