АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖАС БАСШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

25 сәуір күні Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «№19 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында орта білім беру ұйымдарының 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас директорлары мен білім беру ұйымдары басшыларының кадрлық резервіндегі педагогтарға арналған қалалық семинар өтті.

📌 Семинар тақырыбы:
«Ұлттық білім беру дерекқорының (ҰБДҚ) мазмұны мен жүргізілуі. Электрондық форматта аттестаттау. ҰБДҚ – мектеп бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және жүктеу процесін толық автоматтандыру құралы».

💻 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институтының оқу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Айдана Ыбыраева педагогтерді «Ұстаз» платформасы арқылы электронды форматта аттестаттаудан өткізу тәртібі, негізгі кезеңдері мен жаңартылған талаптар бойынша мазмұнды ақпарат ұсынды.

🎓 Семинар жұмысына қаламыздың бірнеше білім беру ұйымдарының тәжірибелі басшылары, атап айтқанда:
– «№206 мектеп-гимназия» КММ
– «№19 жалпы білім беретін мектеп» КММ
– «№104 жалпы білім беретін мектеп» КММ директорлары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

🧩 Сонымен қатар, семинар жұмысына Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері белсене атсалысып, қатысушыларға әдістемелік және практикалық қолдау көрсетті.

👥 Семинарға 65-ке жуық жас басшы – мектеп директорлары мен кадрлық резервтегі педагогтар қатысты.
Қатысушылар семинардың практикалық бөлімінде ерекше белсенділік танытып, мектепті цифрлық трансформациялау үдерісімен және ҰБДҚ деректер базасын тиімді жүргізудің жолдарымен танысты.

📝 Іс-шара аясында білім беру ұйымдарын тиімді басқаруда заманауи цифрлық құралдарды қолдану, деректерді нақты әрі жүйелі енгізу, педагогтердің электронды аттестаттауға дайындалуы сынды маңызды бағыттар талқыланды.

📍 Бұл семинар жас басшыларға мектепті басқаруда тәжірибе алмасуға, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға және деректермен жұмыс істеудің жаңа әдістерін меңгеруге мүмкіндік берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар