Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 6 дня ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе кәсіби білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда басшылық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 (үш) жыл. Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда — педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгерген. Білім беру саласындағы педагогикалық өлшемдер, мониторинг және бағалау саласындағы қосымша білім немесе біліктілікті арттыру курстары. Бағалау рәсімдеріне қатысу тәжірибесі.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ білім сапасын бағалау жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді. Персоналды басқару қағидаттарын, құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыруды, стратегиялық және операциялық жоспарлау әдістерін. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік, санитарлық қағидалар мен нормаларды.

Негізгі міндеттері:

  1. бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және үйлестіру;
  2. бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптамасын үйлестіру;
  3. бағалауға қатысты нормативтік, нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу мен жетілдіруге қатысу;
  4. қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін кәсіби деңгейін, біліктілігін және еңбек өнімділігін арттыру;
  5. бағалау нәтижелері бойынша деректерді талдау, өңдеу және түсіндіру, негізделген қорытындылар мен ұсынымдар тұжырымдау;
  6. бағалау және оқыту тиімділігі мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу;
  7. бағалау нәтижелері бойынша талдамалық есептер дайындау және оларды әртүрлі форматта ұсыну (презентациялар, баяндамалар, анықтамалар және т.б.);
  8. бағалау рәсімдеріне қатысты құжаттаманы есепке алу және бақылау;
  9. тыңдаушылар, тренерлер және бағалау құралдары дерекқорын әкімшілендіру, өзектілігін қамтамасыз ету;
  10. бағалау мәселелері бойынша әдістемелік қолдау көрсету және консультациялар жүргізу;
  11. бағалау рәсімдері бойынша оқыту іс-шаралары мен семинарлар өткізу;
  12. мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау, оларды бағалау рәсімдеріне қатысуын үйлестіру;
  13. өңірлік мониторинг қызметі сарапшыларының жұмысын үйлестіру;
  14. есептіліктің уақтылы дайындалуын, құжаттаманың қолданыстағы нормаларға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

  • конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
  • фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру  (сілтеме);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
  • қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 08 мамырды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Персоналды басқару қызметі.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 12 мамыр, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job