«LESSON STUDY: ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТӘСІЛІ»

Жамбыл облысында «ӨРЛЕУ» кәсіби даму институтымен Жамбыл ауданы, Ә.Ысмайылов атындағы орта мектебінің сабақты зерттеу жұмысына әдістемелік қолдау көрсету мен іс-тәжірибені тарату бойынша бірлескен «LESSON STUDY: ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТӘСІЛІ» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Семинарда 2025 жылғы ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БАСТАУЫШ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ мәнмәтіндегі Сабақты зерттеудің ұйымдастырылу жолдары, тиімділігі және ерекшеліктері жайлы ақпараттар беріліп, Қазақстандық ұстанымда әртүрлі мәдени мәнмәтіндегі халықаралық Lesson Study-дің табысты модельдері таныстырылды.
Сабақты зерттеумен айналысатын, ілгері деңгейде жұмыс істейтін шебер, зерттеуші, көшбасшы мұғалімдерге, мектеп тренерлеріне мұғалімдердің кәсіби дамуымен айналысатын әдіскерлерге, мектеп басшыларына жаңа мемлекеттік стандартқа сай авторлық бағдарламалар, оқу әдістемелік құралдар т.б. жазу әдістемесі таныстырылды.

Қожамжарова Латипа Сейдахметқызы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры, биология ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ғылым саласының Мемлекеттік марапат иегері, Қытай, Ұлыбритания, Өзбекстан, Германия және Ресей мемлекеттерінің халықаралық деңгейдегі жаһандық  білім, кәсіпкерлік, ғылыми жобалау бойынша ментор, сарапшы

Абдраманова Кызжибек Сатыбалдиевна

Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Халықаралық WALS конференциясын ұйымдастыру комитетінің мүшесі. Қырғызстан, Африка (Малави), Ұлыбритания, Эстония, Финляндия, Жапония және Гонконг елдерімен бірлескен халықаралық жоба орындаушысы, сарапшы

Ускенбаева Жұлдыз Аманкелдиевна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Антибуллинг қоғамдастығының эксперті, профайлер, кәсіби медиатор

 Смаилова Зере Осербаевна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша КДИ Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы, LS жетекшісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар