“KHALEL QUIZ – 2025” интеллектуалды сайысы өтті

Ғұлама ғалым, ағартушы, Алаш арысы Халел Досмұхамедовтің туғанына 142 жыл және өзі іргетасын қалаған білім ордасы – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған “KHALEL QUIZ – 2025” интеллектуалды сайысы өтті.

🔹Сайыстың басты мақсаты – Халел Досмұхамедовтің өмірі мен еңбегін насихаттау, сондай-ақ білім беру саласындағы педагогтердің зияткерлік әлеуетін арттыру.

Бұл сайысқа Атырау облысының түкпір-түкпірінен келген командалар білім мен тапқырлықтарын сынады. Аталған зияткерлік додаға “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ Атырау облысы бойынша филиалы атынан 21 сәуір күні бастау алған «SMART-оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары» курс тыңдаушыларынан құралған “SMART – Өрлеу” командасы қатысып, 50 команданың ішінен топ жарып, белсенділігі мен ұйымшылдығы үшін Алғыс хатпен марапатталды.

👩🏻‍🏫Курс жетекшісі:
Меруерт Мәдениетқызы

Қатысушы курс тыңдаушылары:

1.Мүсілім Мейрамғали – Қызылқоға ауданы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2.Каратаева Нургуль Умиткалиевна – Атырау қаласы, Көп салалы мектеп – гимназиясы, бастауыш сынып мұғалімі.
3.Муханова Айнагуль Сериккалиевна – Мақат ауданы, биология пәні мұғалімі.
4.Өміржан Ұлан Өтепбергенұлы, Атырау қаласы, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
5.Шихимова Куралай Ермековна – Атырау қаласы, Т.Амандосов атындағы орта мектебі, тарих пәні мұғалімі.
6. Бекжанова Айжан Каиргалиевна – Атырау қаласы,Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебі, информатика пәні мұғалімі.

“SMART – Өрлеу” командасының бұл жетістігі – мұғалімдердің білімге, шығармашылыққа және бірлікке негізделген күш-жігерінің нәтижесі. Сайыс барысында қатысушылар логикалық ойлау, тарих пен әдебиетке қатысты білім, жылдам шешім қабылдау және топпен жұмыс жасау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.✅✅✅

🔹🔹🔹Осындай білім сайыстары педагогтер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, кәсіби дамуға тың серпін беретіні сөзсіз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар