Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды.
7-18 сәуір аралығында өткізілген біліктілікті арттыру курстарында
– қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері;
– орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері;
– математика пәні мұғалімдері;
– информатика пәні мұғалімдері;
– физика пәні мұғалімдері;
– химия пәні мұғалімдері;
– музыка пәні мұғалімдері;
– тарих және құқық негіздері пәндері мұғалімдері;
– бастауыш сынып мұғалімдері;
– педагог-ассистенттер;
– орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері;
– орта білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары;
– орта білім беру ұйымдарының тәлімгерлері (аға тәлімгерлері) білімдерін жетілдірді.
Курс барысында кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім, білік, дағдыларын шыңдаған тыңдаушыларымызға сертификаттар табысталды. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – басты назарда.


