Стратегиялық менеджмент – табысты басқару жүйесінің негізі

Бүгін Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінде озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында мектеп басшылары мен орынбасарларына арналған облыстық семинар өткізілді.

«Стратегиялық менеджмент – табысты басқару жүйесінің негізі» тақырыбындағы семинар жұмысына «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының өкілдері, қала мектептерінің директорлары мен орынбасарлары қатысты.

Семинардың алғашқы «Озық тәжірибемен бөлісу» бөлімінде мектеп-лицейдің жоғары санатты, тәжірибелі ұстаздары «Педагогикалық идеялар фестивалі», «Үздік авторлық бағдарлама», «Үздік ғылыми жоба» байқауы, «Жасанды интеллект: теориядан практикаға», «Lesson Study біздің тәжірибемізде», «Нәтиже және жетістік. Жылдық рейтинг», «Стратегиялық менеджмент – табысты басқару жүйесінің негізі» тақырыптары бойынша тәжірибелік жұмыстарымен бөлісті.

Сонымен бірге семинарға қатысушылар назарына шығармашылық бағыттағы көркем еңбек кабинетінің «Шебер қолдар» көрмесі, «Green Garden» тәжірибелік жылыжайы, STEAM зертханасы, мектеп театры, «Домбыра дастан» домбырашылар ансамблі және түрлі үйірме жұмыстары ұсынылды.

Шара соңында қатысушылар барлық көрсетілген жұмыстарға оң пікірлерін білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. Мектеп директоры Жанат Қамитбекова семинарға қатысқан қонақтарға және тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар