«ӨРЛЕУ» ЖАҢА КОРПОРАТИВТІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ — «IN TREND»!

📢 «ӨРЛЕУ» ЖАҢА КОРПОРАТИВТІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ — «IN TREND»! 🚀
👩‍🏫 «Өрлеу»-СҚО филиалының оқытушылары біліктілікті арттыру курстарын өткізе отырып, тыңдаушылар үшін курстардың пайдалы болуына бар күшін салады. Бұл үшін олар өздері де үнемі өзін-өзі дамытуға, әртүрлі тренингтер мен оқуларға қатысады.
🗓 13 мамырда «Өрлеу»-СҚО филиалының оқытушылары Ж.Байгаринованың «Модульная структура тренинга. Коучинговый подход» онлайн-тренингіне қосылды.
💡 Спикер оқытушыларға өздерінің тренерлік дағдыларын жетілдіруге, тыңдаушылар үшін жайлы жұмыс ұйымдастыруға, шиеленіс пен қақтығыстарды азайтуға көмектесетін пайдалы кеңестер мен әдістермен бөлісті, осылайша оқыту процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді. Оқыту процесі қызықсыз болмас үшін, оны топтық жұмыстармен, жұптық жұмыстармен, тәжірибе арқылы білім берумен әртараптандыру қажет.
🎓 Біліктілікті арттыру курстарында да дәл осындай модель — Мұғалім – оқушы. Бастапқы кезеңде өзіңізді білімге жетелейтін көшбасшы ретінде көрсету маңызды, нәтижесінде кез келген тренер өз тыңдаушылары үшін ең үздік болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар