Мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру курстары жалғасуда

19 мамырдан бастап «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдеріне, математика пәні мұғалімдеріне, информатика пәні мұғалімдеріне, бейнелеу өнері, көркем еңбек пәні мұғалімдеріне және интернаттық ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.

Курстардың негізгі мақсаты – педагогтердің пәндік, әдістемелік және цифрлық құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған.

Курс барысында заманауи оқыту әдістері мен инновациялық технологияларды меңгереді, зерттеушілік қабілеттерін дамытады, оқушылардың білім сапасын бағалаудың тиімді тәсілдерін үйренеді. Сонымен бірге, күрделі тақырыптарды оқыту, оқу бағдарламаларын терең меңгеру және оқу-тәрбие үдерісінің сапасын бағалау бағытында тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі.

Педагогтердің Өрлеу курстарына қатысып, кәсіби білім-біліктері мен дағдыларын шыңдауына тілектеспіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар