Ынтымақтастық – ортақ мақсаттарға бірге қадам

ҚР Оқу-ағарту министрі Бейсембаева Ғани Бектайұлының «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын жүзеге асыру туралы баяндамасында атап өткендей, «Жайлы мектеп» – ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған стратегиялық бастама.

22 мамыр күні «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби  даму институты» филиалы директоры Латипа Қожамжарованың  №7 КММ «Жайлы орта мектебінде» ресми іс-сапары барысында:

  • «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің №4 мектеп-лицейі» КММ, Жарғы негізінде әрекет етуші директоры Абдраимова Дана Токпашевна
  • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Александр Пушкин атындағы орта мектебі» КММ, Жарғы негізінде әрекет етуші директоры Каржауова Акмарал Бейсембаевна  ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған меморандум – бұл жай құжат емес, екі тараптың сенім мен серіктестікке негізделген жаңа кезеңінің бастауы.

  • Біз бір-бірімізбен ынтымақтастық саласына қатысты ақпаратпен ашық бөлісеміз;
  • Ғылыми-практикалық ортақ мүдделер аясында кеңесіп, тәжірибе алмасуға дайынбыз;
  • Алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды жоспарлап, ортақ жобаларды іске асыруды көздейміз;
  • Бұл мақсатта комиссиялар мен жұмыс топтары құрылып, нақты нәтиже үшін жұмыс жүргізіледі;

Сонымен қатар, Ұлттық жобаны іске асырудаға серіктестігімізді нақтылайтын келісімдер мен шарттар жасау жоспарлануда.

Бұл меморандум – даму, жаңашылдық және жауапкершілікті бөлісудің белгісі. Алдымызда үлкен міндеттер, ортақ жетістіктер бар!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар