«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры тағайындалды

Байгаринова Жанна Калымканқызы «Өрлеу» БАҰО АҚ «Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының директоры лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлаймыз. Ол 1973 жылғы 8 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Қойтас ауылында дүниеге келген. Таврия ауданы Восточное ауылындағы «Қазан төңкерісінің 17 жылдығы» атындағы орта мектепті күміс медальмен тәмамдаған. 1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша «Физика және математика пәндерінің мұғалімі» біліктілігімен аяқтаған.  2006 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетінде «Информатика» мамандығы бойынша «Информатика бакалавры» дәрежесін алған. 2016–2018 жылдар аралығында «Туран-Астана» университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленген.

Жалпы еңбек өтілі – 31 жыл. Оның ішінде педагогикалық қызмет – 24 жыл, басқарушылық тәжірибе – 7 жыл.

Еңбек жолын 1994 жылы Семей қаласындағы №36 орта мектепте физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2001 жылдан бастап №6 мектеп-гимназияда физика пәнінің мұғалімі және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2001–2024 жылдары аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жүйесінде келесі лауазымдарда қызмет етті: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің директоры, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» жеке мекемесінің аға менеджері (біліктілік арттыру бағдарламаларының тренері), Адами ресурстарды басқару, Оқушыларды дамыту, Өзгерістерді басқару департаменттерінің аға менеджері, сондай-ақ директордың орынбасары, Тәжірибені трансляциялау департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2025 жылғы 3 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы жанындағы Білім берудегі көшбасшылық зертханасының жетекшісі қызметін атқарып келеді.

Байгаринова Жанна Калымканқызы – Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары бойынша (І, ІІ, ІІІ деңгей) және жалпы білім беретін ұйымдар басшыларына арналған курстардың сертификатталған тренері.

2012 жылы Кембридж университетінің халықаралық емтихан кеңесі (CIE) тарапынан «Trainer» сертификатын иеленіп, оны 2014, 2016, 2018 және 2020 жылдары сәтті қайта растаған.

2020 және 2023 жылдары Microsoft Innovative Educator Expert (MIE Expert) халықаралық бағдарламасына қатысып, сертификат алған.

2024 жылы International College of Business Trainers (ICBT) ұйымының сертификатталған бизнес-тренері атанды.

2014–2015 жылдары Кембридж университеті профессорларымен (Фил Киркман, Хелен Китчинг, Питер Каннингем, Мораг Моррисон) бірлесіп І, ІІ, ІІІ деңгей тренерлерін және жоғары оқу орындары оқытушыларын даярлау курстарында жаттықтырушы ретінде тәжірибе жүргізген.

2014 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған республикалық байқауда «Жылдың үздік тренері» атағын иеленіп, Гран-при жүлдесін жеңіп алған.

10-нан астам әдістемелік құрал мен ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы, атап айтқанда: «Тренинг нәтижесін бағалау әдістері», «Мектептегі тиімді коучинг» (бірлескен авторлықта), «Мектепті дамыту жоспарын әзірлеу» (бірлескен авторлықта),  «Lesson study: А-дан Я-ға дейін», «100 белсенді оқыту әдісі», «Мектеп директорының көшбасшылығы: неге және нені өзгерту керек?», «Сабақты зерттеу негізінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі» және тағы басқалар.

Зерттеу нәтижелері келесі конференциялар мен форумдарда ұсынылған:

– «НЗМ» жыл сайынғы халықаралық конференциялары (2012–2023),

– Lesson Study Kazakhstan өңірлік конференциялары (2018–2021),

– WALS конференциясы (Нагоя, Жапония, 2017),

– EdCrunch форумдары (Мәскеу, Ханты-Мансийск, Алматы, 2018, 2019, 2023),

– Всероссийский форум методистов (Екатеринбург, 2018, 2019, 2022),

– «Транскрипция» білім беру инновацияларының бүкілресейлік интенсиві (Екатеринбург, 2022),

– Ауыл мектептері жөніндегі халықаралық конференция (Джорджтаун, Техас, АҚШ, 2024).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар