Батыс Қазақстан облысының 5 ауданында, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы базасында біліктілікті арттыру курстары басталып, 378 педагог білімдерін шыңдауда. Ақжайық ауданында білікті тренерлер А. Абдрахманова, С. Алипбаева, Ж.Узаховалардың жетекшілігімен «Функционалды математикалық сауаттылық: әдістер мен технологиялар», «Информатика» оқу пәні бойынша жобалық іс-әрекеті», «Исследовательская и проектная деятельность обучающихся начальной школы» тақырыптарында курстар нәтижелі өтуде.
Курс барысында тыңдаушылар:
PISA, TIMSS және ББЖМ тапсырмалары негізінде математикалық пайымдау мен құбылыстарды сипаттау әдістерін; Жасанды интеллект ресурстарын оқыту процесінде тиімді қолдану жолдарын;
Зерттеу құзыреттілігін дамытуға арналған жобалық оқыту технологияларын; Цифрлық бағалау құралдарын пайдалану тәсілдерін меңгеруде.
Екі апталық курстар аясында тәжірибелік сабақтар, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен воркшоп форматында ұйымдастырылған іс-шаралар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, тәжірибе алмасуға, тиімді әдістерді меңгеруге және білім сапасын жетілдіруге серпін беруде.

