«Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы инклюзивті білім беру бойынша республикалық семинар өткізді
2025 жылдың 8 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша КДИ жұмыс жоспарына сәйкес «Жаратылыстану-математика бағытындағы» кафедрасының аға оқытушысы Асель Сабиханованың ұйымдастыруымен инклюзивті білім беру бойынша республикалық семинар өтті. Іс-шараға республика көлеміндегі педагогтер онлайн және офлайн форматта қатысып, тәжірибе алмасты.
Семинардың мақсаты – инклюзивті білім беру принциптерін мектеп тәжірибесінде тиімді жүзеге асыру үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Семинар жұмысы келесі бағыттарды қамтыды:
- Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері: негізгі ұғымдар, мақсат-міндеттер, оқытудағы қиындықтар мен мүмкіндіктер;
- Педагогтердің кәсіби құзыреттері: жеке тәсілдер, психологиялық қолдау, инклюзивті технологиялар;
- Сабақ жоспарлау ерекшеліктері: әдіс-тәсілдер, тиімділік жолдары, әртүрлі қажеттіліктері бар оқушыларды қоса алу;
- Әріптестермен және ата-аналармен байланыс: бірлескен жұмыс әдістері мен қолдау шаралары.
Семинар барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты жағдайлар бойынша пікір алмасты. Қатысушылар жаңа әдістермен танысып, инклюзивті сабақ жүргізуге бағытталған практикалық дағдыларды меңгерді. Ұсынылған білім беру модельдері мен әдістер мұғалімдердің қызығушылығын тудырып, болашақта оларды оқу үдерісіне енгізу жоспарланды.
Қорытынды:
Семинар қатысушылардың инклюзивті білім беру саласындағы білімдерін тереңдетіп, мектеп практикасына енгізу мүмкіндігін арттырды. Педагогтер оқыту үдерісінде әртүрлі оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға дайын екендіктерін білдірді.
Ұсыныстар:
- Инклюзивті білім беру бойынша кәсіби курстарды жүйелі түрде өткізу;
- Тиімді тәжірибелерді жинақтап, әдістемелік құралдар шығару;
- Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қолдау үшін қосымша ресурстар мен орталықтар ашу






