Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.
Елімізде «Ұлттық кітап күні» Мемлекет басшысының үшінші Ұлттық құрылтайда қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.
Биыл рухани мереке алғаш рет атап өтілуде, осы орайда бүгін филиалда «Мәртебелі Кітап» шарасы аясында курс тыңдаушылары – орта білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары, қазақ тілі мен әдебиеті және физика пәні мұғалімдеріне «Өрлеу» БАҰО» АҚ электронды кітапханасы таныстырылып, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сандық кітапханасы мен Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханаларына шолу жасалынды.
Баға жетпес асыл қазынамызды мереке қатарына қосу – үлкен қуаныш екенін, еліміздің еңсесін зорайтып, білімін молайтып, жан-дүниесін тазартатын күштің мәртебелі Кітап екенін танытқан іс-шараға белсенді қатысқан курс тыңдаушыларына және курс жетекшілері Гульфазира Козыбаевна, Анар Асилхановна мен Гульнара Аскаровнаға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттер дәріптелетін Ұлттық кітап күні құтты болсын!
Филиал кітапханасы