2025 жылдың 30 сәуір күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шымкент қаласы бойынша Кәсіби Даму институты мен Білім басқармасы әдістемелік орталығы және Алпамыс Батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы бірлесіп, «Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру: заманауи әдістер мен құралдар» тақырыбындағы тәжірибелік қалалық семинар өткізді.
Мақсаты:
Педагогтердың кәсіби құзыреттілігін дамыту, жаңа оқыту әдістері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып, олардың кәсіби даму деңгейіне, өсуіне, жаңа платформаларды пайдаланып, жұмыс істеуіне және білім сапасын көтеруіне жағдай жасау.
Іс-шара барысында «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы» кафедрасының аға оқытушылары
А.К Мынбаева, Р.А.Керимбекова, Г.А Жорабековалар
бастауыш сынып мұғалімдеріне бастауыш сыныптағы негізгі пәндеріндегі белсенді оқу жаттығулары, заманауи әдіс-тәсілдері мен жаңа құралдар жайлы мағлұматтар берді, сонымен қатар сабақтарда жасанды интеллект, зерттеу жүргізу әдістерін, тапсырмалар түрлерін қолданудың тиімді жолдарын пайдалануға әдістемелік көмек көрсетті.
Тәжірибелік қалалық семинар құндылығы – заманауи әдіс-тәсілдері мен жаңа құралдар сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдануға болатын бақылау, эксперимент, өлшеу, модельдеу, ақпарат көзімен жұмыс беру тапсырмаларын құрастыру, жасанды интеллект болды.
Нәтижесінде педагогтер белсенді оқу жаттығуларының көмегімен тренинг, шебер-сынып, электронды тапсырмалар жинағын өз сабақтарына қажетті тапсырмалардың тиімді үлгілерін алуға болатынын атап өтті.
«Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы» кафедрасының аға оқытушысы А.К Мынбаева