«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – келешекке сенімді қадам

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берілген тапсырмасына сәйкес, жекеменшік білім беру ұйымдарының оқу үдерісіне «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтарын енгізу мәселесі бойынша пікір алмасу өтті.

Осыған орай, Шымкент қаласында соңғы бес жыл бойы табысты жүзеге асып келе жатқан «Жас лидер» академиясының тәжірибесіне сүйене отырып, бағдарлама аясында кездесу алаңы ұйымдастырылды.

Кездесу нәтижесінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жетілдіру мақсатында жаңа оқу жылы – 2025–2026 жылдарға арналған бірлескен жоспар ұсынылды. Атап айтқанда, жас ұрпақтың тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамыту, шешендік өнерге баулу, сондай-ақ қосбасшылық қабілеттерін шыңдау арқылы ұлттық санасы биік, парасатты тұлғаны тәрбиелеу бағытында нақты ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, жекеменшік мектептерде бағдарламаны жүйелі түрде іске асыру үшін арнайы шығармашылық топ құрылып, өзара тәжірибе алмасуға бағытталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар