«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Ақмола облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы іс жүргізу бойынша жетекші маман бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Актуалды
“Өрлеу” по Акмолинской области
Posted 5 дня ago
Біліктілік талаптары
Іс жүргізу жөніндегі жетекші маманның: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Іс жүргізу жөніндегі жетекші маман: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, “Білім туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының заңдарын, ұйымда іс қағаздарын жүргізу жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды, іс қағаздарын жүргізу және мұрағат системы жүйесінің негізгі ережелерін, ұйымның құрылымын білуге тиіс ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттары, қызметтік құжаттар мен материалдардың өтуін бақылау тәртібі, Еңбекті ұйымдастыру негіздері, есептеу техникасын пайдалану қағидалары, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Лауазымдық міндеттері
Іс жүргізу бойынша жетекші маман:
2.1. Институт директорының өкімдерінің, бұйрықтарының және басқарма бастығының әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
2.2. Қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы ақпаратты институт персоналы туралы деректер банкіне енгізу, оның уақтылы жаңартылуы мен толықтырылуын қадағалау.
2.3. Ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыруға дайындау.
2.4. Институт қызметкерлерінің іссапарларына құжаттаманы ресімдеу.
2.5. Жеке құрам бойынша бұйрықтар ресімдеу.
2.6. Сақтауға қабылданатын құжаттарды (оның ішінде іс қағаздарын жүргізумен аяқталған практикалық мақсаттағы құжаттарды) іріктеуді, ретке келтіруді, жинақтауды, пайдалануды, сақтауды қамтамасыз ету.
2.7. Істер номенклатурасын әзірлеуге қатысу, мұрағатқа беру кезінде олардың қалыптасуы мен ресімделуінің дұрыстығын тексеру.
2.8. Мұрағаттық құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығын сараптау жөніндегі жұмысқа қатысу.
2.9. Келіп түскен сұрауларға сәйкес мұрағат көшірмелері мен құжаттарын беру, мұрағат құжаттарында бар мәліметтер негізінде қажетті анықтамалар жасау, мұрағат жұмысы туралы есептілікті жасау үшін деректерді дайындайды.
2.10. Мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізу.
Жұмысты орындау орны: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 71.
Электрондық мекен-жайы: akmolaipk@orleu-edu.kz
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2025 жылғы 20 маусым (қоса алғанда).
Қажетті құжаттар тізімі:
1.Конкурс комиссиясының төрағасы Жанна Қалымқанқызы Байгаринованың атына өтініш.
2. Жеке деректерге, еңбек (функционалдық) тәжірибесіне, жобаларға қатысуға, жетістіктерге, тілдерді білуге, қызығушылықтарға (хоббиге) және т. б. қатысты егжей-тегжейлі және шынайы фотосы бар өзекті түйіндеме.;
3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлік). Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
4. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
5. Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент, түпнұсқалары (салыстыру үшін) және қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қосымша білім алу туралы құжаттардың көшірмелері); ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болса); еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі).