2025 жылғы 30 мамыр күні шебер-сынып өтті.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтында
Физика пәні мұғалімдеріне арналған мазмұнды шебер-сынып өтті. Іс-шараның модераторы — «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы» кафедрасының аға оқытушысы Батькаева Гульнара Аскаровна.
Шебер-сыныптың мақсаты – физика пәнін оқытуда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды кіріктіру арқылы оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру және тәрбиелік маңызын арттыру.
Физика – бұл табиғат заңдылықтарын зерттейтін ғылым ғана емес, оны адамгершілікпен өмірде қолдануға жол ашатын құрал. Бүгінгі шебер-сыныпта физика тек формулалар мен есептер жиынтығы емес, өмірлік тәрбие беретін пән ретінде қарастырылды.
Мұғалімдерге сабақтарында оқушыларға ғылыми мазмұн мен құндылықтарды қалай ұштастыруға болатыны жөнінде нақты әдістер ұсынылды. Мәселен, тәжірибе жасау немесе есеп шығару кезінде нәтиженің өмірмен байланысы, сабыр, шыдамдылық, әділдік секілді қасиеттермен байланысы талданды.
Ғылым мен тәрбиені ұштастыра отырып, оқушының жан-жақты дамуына жол ашатын мұндай шаралар білім саласына тың серпін беретіні сөзсіз!
Оқыту мен тәрбиеде үйлесімділік — болашақтың кепілі!