2025 жылғы 23 мамырда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылық негізінде оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімдері қатысып, ұлттық тәрбие берудің өзекті мәселелерін талқылады.
Аға оқытушы Кенжехожаева Ляззат Шакимардановна оқушылардың бойында патриоттық сезімді ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру жолдарын ұсынды.
№58 мектептің мұғалімі Қаппаров Әзімхан Серғалиұлы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсат-міндеттерімен бөлісті.
№133 мектептің ұстазы Уразимбетова Улмекен Парсахановна отбасымен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
№10 мектептің мұғалімі Избаева Айнур Мустафаевна ұлттық тәрбие арқылы отансүйгіш азамат тәрбиелеудің тәсілдеріне тоқталды.
Ашық пікір алмасу барысында қатысушылар:
• Бағдарламаны мектеп жоспарларына енгізуді,
• Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуді,
• Ата-аналармен байланысты нығайтуды,
• Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарын қолдауды ұсынды.
Шешімдер:
1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын білім беру ұйымдарына кезең-кезеңімен енгізу;
2. Тәрбие сағаттарын бағдарламамен сәйкестендіру;
3. Педагогтерге семинар-тренингтер өткізу;
4. Оқушылар мен ата-аналардың белсенділігін арттыру.