«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Талдау және зерттеу департаментінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 4 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес: ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар немесе “Болашақ” халықаралық стипендиясының түлектері болып табылатын кандидаттар үшін жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; және / немесе орыс тілінде, ағылшын тілінде.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Ғылым туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, “Акционерлік қоғамдар туралы”Қазақстан Республикасының заңдарын, “Мемлекеттік мүлік туралы”, Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын білім берудің өзге де нормативтік құқықтық актілері;
– Педагогикалық әдеп қағидалары, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидалары, педагогтерді аттестаттау қағидалары, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары, санитариялық қағидалар мен нормалар және Департаменттің қызметін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
– Педагогика және психология, андрагогика, қаржылық сауаттылық негіздері; Білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару; өзекті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және білім беру платформалары; көрсеткіштер мен ТБИ-ге қол жеткізу тиімділігін бағалау әдістемесі, педагогтердің ғылыми-зерттеу қызметі және кәсіби дамуы.
Негізгі міндеттері:
- ғылыми-зерттеу және мониторинг қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыруға, оның даму перспективаларын айқындауға, қойылған міндеттерді шешу жолдарын таңдауға;
- қоғамның ғылыми-зерттеу және мониторинг қызметі бойынша филиалдарының жұмысын үйлестіруді жүзеге асыруға;
- қоғамның ғылыми-зерттеу қызметі мәселелері бойынша талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындауға;
- Қоғамның ағымдағы жылғы қызметі туралы талдамалық есепті (кестелермен, слайдтармен, диаграммалармен) сұрау салынатын нысан бойынша дайындауға;
- қоғам басшылығына ұсынылатын нормативтік-құқықтық, әдістемелік, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық құжаттаманы талдауға;
- филиалдардың мамандарына ғылыми-зерттеу және мониторинг қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге міндетті;
- халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық ғылыми-практикалық симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды күндізгі/онлайн ұйымдастыруға және олардың жұмысына қатысуға;
- білім беру, оның ішінде кәсіби даму саласындағы қазақстандық және халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға қатысу;
- қоғамның ғылыми-зерттеу жобалары, сондай-ақ Қоғам атынан өткізілетін сырттай қаржыландырылатын жобалар мен конкурстар шеңберінде далалық зерттеулер мен эмпирикалық деректерді жинауды әзірлеу және жүргізу;
- қоғам ұсынатын білім беру қызметтеріне мониторингтік зерттеулер жүргізу үшін әдіснамалар мен құралдар әзірлеу;
- педагогтердің кәсіби даму саласындағы қажеттіліктері бойынша олардың кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктерін талдау негізінде ұсыныстар дайындауға.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
- Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
- фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
- қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 18 маусым қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 19 маусым, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.