«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институтының жаңа директоры Бибігүл Нығметованы ұжымға таныстырды.
Бибігүл Жамбылқызы – 27 жылдық еңбек өтілі бар, оның 23 жылын ғылым мен білім беру саласына арнаған тәжірибелі маман. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастап, кейіннен Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін атқарған. Халықаралық деңгейдегі сертификаттарға ие кәсіби тренер, бірқатар біліктілікті арттыру бағдарламаларының авторы (лидерлік, менеджмент, неміс тілі, заманауи педагогикалық тәсілдер), 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде Scopus/WoS базаларындағы мақалалардың авторы.
«Өрлеу» ұжымы Бибігүл Жамбылқызына жаңа қызметінде табыс тілеп, алдағы жұмысына зор сенім артады.
