Мақсатты мектеп жобасы аясында оқу жылы  қорытындыланды

Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ және Батыс Қазақстан облысы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫ: БІР ИДЕЯ. БІР ШЕШІМ. БІР НӘТИЖЕ» тақырыбында инновациялық питчинг оздырылды.

Мақсатты мектеп жобасы аясында оқу жылын қорытындылау, көзделген стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мен күтілетін нәтижелердің орындалу деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға мектеп директорлары, директордың орынбасарлары мен ментор-әдіскерлер қатысты.

Шара аясында БҚО-ның 37 мақсатты мектебінің жұмысын қамтыған көрме, менторлардың жетекшілігімен өткен практикалық питч-сессия, сондай-ақ топтық QUIZ ойыны ұйымдастырылды.

Соңында «Мақсатты мектеп» жобасы аясында пән мұғалімдеріне арналған ілгерінді деңгейдегі курстарды өткізуге қолдау білдірген мектеп басшыларына алғыс хаттар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар