📢«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына өтініш қабылдау жалғасуда

Биылғы байқауға қатысу тәртібі жеңілдетілді. Енді ұстаздар арнайы платформаның көмегімен онлайн түрде өтініш бере алады.

🔗Өтініш беру үшін: https://ppi.orleu.edu.kz

📌 Байқау мақсаты – функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған педагогтердің озық идеяларын анықтау және тарату.

👩‍🏫Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. 

Жеңімпаздар ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.

📚Үздік материалдар республикалық «Үздік педагогикалық практикалар» базасына енгізіледі. Жұмыстарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуға болады.

🗓️ Өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар