Архив, Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 недели ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі немесе дәрежесі болған кезде басшылық лауазымдағы өтілі кемінде үш жыл; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бір жыл; мемлекеттік және/немесе орыс тілін, ағылшын тілін мүмкіндігінше меңгеруі қажет. 

Білуі керек:   

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, “Білім туралы”,  “Педагог мәртебесі туралы”, “Ғылым туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы”, “Акционерлік қоғамдар туралы”, “Мемлекеттік мүлік туралы», мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді; 

педагогикалық этика Қағидаларын, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу Қағидаларын, сондай-ақ курстан кейінгі педагогтің қызметін сүйемелдеу, педагогтерді аттестаттау Қағидаларын, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары, санитарлық қағидалар мен нормалар және педагогтердің қызметін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;  

Педагогика және психология негіздерін, андрагогика, қаржылық сауаттылық, білім беру саласында стратегиялық жоспарлау және басқаруды, ғылыми-зерттеу қызметін; өмір бойы білім алу және педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы концепциясын; қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру платформаларын; бағдарламаларды әзірлеу және сараптау әдістемесін, білім беру бағдарламаларының және педагогтердің кәсіби біліктіліктерінің тиімділігін бағалауды, әдістемелік материалдарды әзірлеуді; инновациялық білім беру технологияларын, қазіргі заманғы оқу формалары, әдістері, құралдары, ұйым имиджін қолдауды. 

Негізгі міндеттері: 

  1. жұмыскерлердің Қоғамның Стратегиясы мен Даму жоспарын әзірлеуге қатысуын ұйымдастыруға; 
  1. курстан кейінгі қолдау, педагогтердің қызмет нәтижелерін бағалау тәсілдерін әзірлеудің инновациялық қазақстандық және халықаралық тәжірибесін шолу мен талдау бойынша жұмысты жүзеге асыруға және ұйымдастыруға; 
  1. курстан кейінгі қолдау тәсілдерін, әдістемелік материалдарды және ресурстарды, педагогтердің қызметінің нәтижелерін бағалауды әзірлеуді қамтамасыз етуге; 
  1. педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етуге; 
  1. педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдау фасилитаторларының базасын іріктеу мен қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға; 
  1. педагогтердің қызметін әдістемелік қолдау іс-шараларының (тренингтер, семинарлар, коучингтер, байқау, консультациялар, мастер-кластар және т. б.) сапасына мониторинг жүргізу және бағалау үшін материалдар әзірлеуді ұйымдастыруға; 
  1. біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын курстан кейінгі қолдау бөлігінде мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу процесін үйлестіруге; 
  1. «USTAZ» үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасы» электрондық-ақпараттық жүйесін әдістемелік қолдау тәсілдерін, материалдарын және ресурстарын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыруға;  
  1. педагогтерді аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бойынша бағдарламаларды, нұсқаулық-әдістемелік материалдарды әзірлеу, қайта қарау, сараптау және бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;  
  1.  педагогтерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту бойынша профессор-оқытушылар құрамы (тренерлер) үшін оқыту іс-шараларын өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;  
  1. біліктілікті арттыру курстарында (Астана қаласы бойынша) педагогтерді оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыруға; 
  1. Қоғамның профессорлар мен оқытушылар құрамы мен тренерлері, педагог-тәлімгерлер мен білім беру ұйымдарының басшылары, білім басқармаларының әдіскерлері үшін педагогтердің қызметін әдістемелік қолдау бойынша әртүрлі форматтағы оқыту, консультациялық іс-шараларды әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыруға;  
  1. Департамент қызметінің бағыттары бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеу, сараптау, бекітуге дайындау, оқу-әдістемелік құралдарды, нұсқау хаттарды рецензиялау бойынша жұмысты ұйымдастыруға; 
  1. Департамент қызметі бойынша әдістемелік деректер базасын жаңарту процесін үйлестіруге;   
  1. Департамент қызметі бойынша департамент ережесін, нормативтік актілерді әзірлеу және оған өзекті сипат беру, педагогтердің қызметін әдістемелік және курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыруға;      
  1. Департамент құзыреті шеңберінде Қоғамның жобаларына, білім беру саласындағы ұлттық және халықаралық жобаларға қатысуды қамтамасыз етуге; 
  1. қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етуге. 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 

  • Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме); 
  • фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме); 
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 
  • қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады; 
  • шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі; 
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері); 

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. 

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 27 маусымлы қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі. 

Сұхбат өткізу күні және орны: 

2025 жылғы 30 маусым, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет. 

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

Apply For This Job