Қостанай облысы «Өрлеу» филиалының 2029 жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілді.

Қазіргі әлем мен білім беру саласындағы қарқынды өзгерістер жағдайында жүйені дамытуға стратегиялық тұрғыдан қарау – әсіресе педагогтердің кәсіби өсуіне баса назар аудару – аса маңызды.

Бүгін маңызды оқиға орын алды — филиалдың жаңартылған Ғылыми кеңесі бекіткен Қостанай облыстық «Өрлеу» филиалының 2029 жылға дейінгі даму бағдарламасы қабылданды. Кеңес құрамына ғалымдар, мектеп директорлары, практик-педагогтер мен институт қызметкерлері кірді. Бұл оқиға Институттың кәсіби траекториясындағы жаңа кезеңнің бастамасы болды.

Даму бағдарламасын әзірлеу ашықтық пен серіктестік рухында өтті: фокус-топтар, сұхбаттар, стратегиялық сессиялар барысында стейкхолдерлер, педагогтер, басшылар мен серіктестер нақты, шынайы әрі шабыттандыратын өсу бағытын айқындауға мүмкіндік берді.

Бағдарлама 7 негізгі бағытты қамтиды.

 Негізгі назар стратегиялық басқаруға көшу мен ішкі жұмысты трансформациялауға бағытталған. Бұл:
– мақсаттарды кафедралар мен бөлімдер деңгейіне дейін каскадтау,
– жаңа қызмет түрлерін жобалау,
– барлық бизнес-процестерді біртұтас цифрлық платформада біріктіру,
– рефлексия мәдениетін, жобалық және стратегиялық тәсілдерді дамыту.

Expect – Inspect – Direct – Respect – Reflect қағидаттары болашақ дамудың әдіснамалық негізіне айналды.

Зерттеушілік қызметті дамытуға ерекше көңіл бөлінді: бағдарламада эпизодтық зерттеулерден жүйелі ғылыми-әдістемелік жұмысқа көшу көзделген.

Бекітілген Даму бағдарламасы – бұл жай құжат қана емес, сапалы педагогикалық өсуді қамтамасыз етуге арналған нақты практикалық құрал. Ол Институттың ішкі дамуына ғана емес, бүкіл Қостанай облысы педагогтерінің кәсіби қалыптасуын жүйелі түрде қолдауға арналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар