Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас бухгалтері
Актуалды
“Өрлеу” по Мангистауской области
Posted 1 неделя ago
Өрлеу» БАҰО» АҚ «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас бухгалтері бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)
Біліктілік талаптары:
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білімі және қаржы-бухгалтерлік салада, жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, соның ішінде басшылық лауазымда жұмыс өтілі болуы тиіс.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексі”, “Білім туралы“,”Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» заңдарын және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау жөніндегі әдістемелік материалдар,бухгалтерлік есепке алу мен ұйымның шаруашылық қызметін талдаудың нысандары мен әдістері, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, экономика негіздері,құжаттық тексерулер мен мүлікті тексеру жүргізу тәртібі, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыстығы, құжат айналымын ұйымдастыру және бухгалтерлік есепке алу шоттарында операцияларды құжаттамалық ресімдеу мен көрсету тәртібі негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты, шоттардың жоспары мен хат-хабарлары, қаржы, шаруашылық, салық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру,шаруашылық жүргізу әдістері, есептеу техникасын пайдалану қағидалары,ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Жеке қасиеттері
· Көпшіл
· Жауаптылық
· Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу
Тапсырылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің Персоналмен жұмыс жөніндегі бас маман электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:
конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
суреті бар түйіндеме;
ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 03.06.2025ж. дейін Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, 48 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе e-mail: mangystauipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 87754889370
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2025 жылғы 03 маусым сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17-шағынаудан, 48 ғимарат, 509 бөлме
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.