Бүгін – қоғаммен байланыс орнатып, шынайы әрі өзекті ақпарат тарату жолында аянбай еңбек етіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған ерекше күн.
⠀
Осы кәсіби мерекеге орай ұйымымызда БАҚ қызметкерлерінің еңбегі еленіп, ерекше ықылас көрсетілді.
⠀
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Жамбыл облысы бойынша “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының баспасөз хатшысы Усенова Балнур Еркінқызына өзінің жылы лебізін арнап, гүл шоқтары мен құрмет грамотасын жолдады.
⠀
Министрдің атынан берілген бұл құрмет – ақпарат саласында адал еңбек етіп жүрген мамандарға деген зор алғыстың, кәсібилікке берілген жоғары бағаның жарқын көрінісі.

- 27 Июн
- 2025