«943 – Елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы аясында ілгерінді курстар

2025 жылдың 26-29 наурызы аралығында «943 – Елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы аясында Өрлеу Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институтында ілгерінді деңгейдегі біліктілікті арттыру курстары өтті.

Курс аясында Көкшетау қаласында география пәні мұғалімдеріне арналған «География сабағы: позитивті эмоционалды өзара әрекеттесуді құру тәжірибелері» тақырыбында оқыту ұйымдастырылды. Курс жүргізушісі – Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ләззат Адыбаева.

Оқу барысында мұғалімдер 3 негізгі модуль бойынша білімдерін жетілдіріп, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерді. Қатысушылар өз тәжірибесінде қолдануға болатын сабақ жоспарларын әзірлеп, оларды қорытынды жұмыс ретінде қорғады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар