Бүгінгі таңда “Ұстаз” платформасы арқылы педагогтерді аттестаттау процесіне “Өрлеу” БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілдерінің ұйымдастыруымен өтуде. Облыс бойынша “Ұстаз” платформасына 5918 педагог өтініш берді. Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Ләтипа Қожамжарова және филиал сарапшылары облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің педагог-сарапшыларын аттестаттаудан өткізу комиссиясының мүшесі Ербол Избасаров, Тараз қаласы білім бөлімінің педагог-сарапшыларды аттестаттаудан өткізу комиссиясының мүшесі Сағадат Карымбаева, платформа бойынша ақпараттандыру-техникалық қолдау жүйесінің мамандары Анатолий Юдин мен Искандер Идириси облыс педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін әділ әрі объективті бағалауға атсалысып, білім сапасын арттыру бағытында табысты қызметін жалғастыруда.
🔎 Аттестаттау – педагогтің кәсіби деңгейін, біліктілігін айқындайтын маңызды қадам. Бұл үдеріс мұғалімдердің үздіксіз дамуына серпін береді.
📍 Жұмыс барысы ашықтық, айқындық және әділеттілік қағидаттарына негізделіп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған.